Рождестволық жолдауы Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдың

Архипастырларға, пастырларға, диакондарға, монах қызметіндегілерге және Орыс Православие Шіркеуінің барлық адал балаларына

Жаратқан Иеміздің сүйікті архипастырлары, аса құрметті пресвитерлер мен диакондар, тақуа иноктар мен инокинялар, қымбатты бауырлар мен қарындастар!

Баршаңызды Христос Рождествосы жарқын мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде көктегі және жердегі Шіркеу Жаратқан Иеміз бен Құтқарушымыздың дүниеге келгеніне қуанып, шаттануда, Құдайға оның мейірімі мен адамзат баласына деген сүйіспеншілігі үшін мадақ пен алғыс айтады. Біз діни әннің сөздеріне рухани шабытпен құлақ түреміз: «Христос дүниеге келді – мадақ! Христос көктен – қарсы алыңыздар!» (Христос Рождествосы канонының ирмосы). Біз Вифлеем үңгіріндегі жұпыны оттықта құндаққа оралған Құдай-сәбиге құрметпен және үмітпен көз саламыз.

Шынында да, бүгін «тақуалықтың керемет құпиясы жүзеге асты: Құдай тәнде пайда болды, Өзін Рухпен ақтады, Өзін періштелерге көрсетті» (1 Тим. 3, 16). Құдайға айналу құпиясын ақырына дейін ақылмен түсіну мүмкін емес. Бар тіршілік үшін тіршілік көзі болып табылатын Біреудің қазір жануарлардың тынысымен қалай жылынатынын толық түсіну мүмкін емес! Әлемнің Жаратушысы жаратылыс бейнесін қабылдау арқылы Өзін төмендетеді! Құдай Ұлы Адам Ұлына айналады!

«Мұның қалай екенін зерттеме,- деп ескертеді әулие Иоанн Златоуст, – Құдай қалаған жерде табиғаттың тәртібі жеңіледі. Ол қалады, мүмкін болды, көңіл аударды және құтқарды. Барлығы Құдайға бағынады. Бүгін Бар дүниеге келді, және Бар болмаған болмысқа айналды. Құдай бола тұра, Құдай болуын тоқтатпастан, Ол адамға айналды» (Біздің Құтқарушымыз Иисус Христостың дүниеге келуіне арналған Сөз).

Әлемді құтқарушы Христос Рождествосы мерекесін тойлай отырып, біз оның бүкіл адамзат үшін тұрақты рухани мәні мен басты мағынасы туралы ойланамыз. Бұл дұрыс та. Сондай-ақ, Құдайға айналу құпиясы әрқайсымыз үшін жеке мағынаға да ие, өйткені біз Жаратқан Иемізге деген дұғаларымызда Оны Құтқарушымыз деп атауымыз кездейсоқ емес.

Адам өз бойындағы зұлымдықты жеңуге қаншалықты тырысқанымен оны өздігінен жеңе алмайтынын біз өмір тәжірибесінен білеміз. Жанға қатты батқан және адамның табиғатына зиян келтірген күнәні ешқандай рухани практика мен психологиялық дайындық жеңе алмайды. Бүкіл адамзатты сауықтырып, жаратылыстағыдай сұлуландырып қалпына келтіру тек Құдайдың ғана қолынан келеді.

Киелі Ефрем Сирин «Неліктен Раббымыз тәнді киді?» — деп сұрақ қойып, былай деп жауап береді — «Тәннің өзі жеңістің қуанышын сезініп, оның орындалуы үшін және рақым сыйларын сезінуі үшін…, адамдар қанат біткендей. Оған көтеріліп және тек Оның бойынан ғана тыныштық табады». (Төрт Інжілді түсіндіру, 1-т.). Христос келбеті күнәнің құлдығынан босатылып, құтқарылуға жол ашады.

«Мен нұрмын, Маған сенетіндердің бәрі қараңғылықта қалмас үшін дүниеге келдім» (Ин. 12, 46), – деп Иеміз куәлік етеді. Құдай-сәби Иисусқа алыстағы елдерден шығыс данышпандарын әкелген Вифлеемнің жарқыраған жұлдызы сияқты біз де, христиандар, жарықтың нағыз ұлдары мен қыздары бола отырып, осы әлемді сенім нұрымен нұрландыруға тиістіміз (Мф. 5, 14), осылайша айналамыздағылар, біздің табандылығымыз бен батылдығымыздың, шыдамдылығымыз бен рухани тектілігіміздің, жомарттығымыздың және жақындарымызға шынайы сүйіспеншілігіміздің үлгісін көріп, «біз барған күні Құдайды мадақтадық» (1 Пет. 2, 12).

Бүгінде жер шарының халқы жаңа аурудың қиын сынағын бастан кешіріп жатқан кезде, адамдардың жүрегінде болашаққа деген қорқыныш пен уайым ұялағанда, біз үшін келісім мен жеке дұғаны күшейту, Жаратқан Иемізге ізгі істермен танылғанымыз ерекше маңызды. Қазір көптеген бауырларымыз індетке байланысты ғибадатханаларға беру мүмкіндігінен айрылып отыр. Мейірімді Жаратушыға олар үшін сырқаттарына рухани және тән саулығын беріп, ауырған адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін жанқиярлықпен күресіп жатқан дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлерге Өзінің көмегін көрсетуін тілеп дұға жасайық.

Егер адам мызғымас сенімін сақтаса және барлық істерінде Құдайға арқа сүйесе, ешқандай қиындықтар оның рухын жасыта алмайтынын есте сақтайық. Сондықтан, басымызға түскен сынақтарды наласыз қабылдаймыз, өйткені Оған сенім артатын болсақ, біз қасиетті боламыз, себебі Құдай бізбен бірге (Ұлы кешкілік ғибадат ету), Христос Шіркеуі осы Рождество күндерінде осылай деп ән салады. Құдайдың мәңгілік өшпейтін нұры біздің де өміріміздің жұтаң үңгірін сәулелендірсін деп және біздің де жаралы да кішіпейіл жүрегіміз Вифлеем оттығындай әлемге Келген Құтқарушыны қастерлеп қабылдайтындай дұға етейік.

Адамның жүрегі махаббатқа толы болса, ол жүректе Құдай мекендейді. «Сүйіспеншілікті жасаушы Періштелермен бірге тұрады және Христоспен бірге мекендейді», – деп Ефрем Сирин куәлік етеді. (Ізгіліктер мен жаман қасиеттер туралы сөз, 3). Мерекенің қасиетті күндері біз үшін қайырымдалық жасайтын ерекше уақытқа айналсын. Осы берекелі мүмкіндікті пайдаланып, Туған Иисус Христосты жақындарымызға мейірімділік таныту, мұқтаж жандарға көмектесу, қайғыдағыларға басу айту арқылы, және ең алдымен, коронавирустық инфекциядан немесе оның салдарынан зардап шеккендерге қол ұшын соза отырып, дәріптейтін боламыз.

Жаратқан Иеміз жер шарының халқын Өзінің білімінің нұрымен нұрландырсын, оларға бейбіт өмір нәсіп етсін және бәрімізге планетамыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезінуге көмектессін. Дүниеге келген Құдай-сәби біздің отбасымызға сүйіспеншілік пен үйлесімділік берсін, біздің жастарымызды және бәрімізді күнәлардан және қауіпті қателіктерден сақтасын. Менің қымбаттыларым, сіздерді тағы да Христос Рождествосы жарқын мейрамымен шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға мықты денсаулық, шексіз қуаныш пен дүниеге келген әрбір адамды жарықтандыратын нағыз Нұр — Құдайдан мол ризық тілеймін. (Ин. 1, 9). Аумин.

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РЕСЕЙ ПАТРИАРХЫ

Мәскеу, Христос Рождествосы
2020/2021 жыл

ДРУГИЕ НОВОСТИ